ГКП НА ПХВ
«ТАЛДЫКОРГАНСКИЙ
КОЖНО-ВЕНЕРОЛОГИЧЕСКИЙ
ДИСПАНСЕР»

«Медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасы мен деонтологиясы»

2025 жылғы 15 тамыз күні ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК ұжымында «Медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыста медицина қызметкерлерінің абыройы мен қоғамдағы беделі, пациентпен қарым-қатынаста сыпайылық пен кішіпейілділіктің маңызы талқыланды. Әрбір қызметкер үшін басты қағида – науқасқа құрметпен қарау, мәдениеттілік пен кәсіби этиканы сақтау екені ерекше атап өтілді.

Қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу туралы ұсынымы негізінде жиын

2025 жылғы 1 тамыз күні «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Бас көлік прокуроры орынбасарының хаты және Жетісу облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Тұрсынбайдың барлық ведомствалық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу туралы ұсынымы негізінде жиын өтті.

Личный прием директора

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Талдыкорганский кожно-венерологический диспансер» государственного учреждения «Управление здравоохранения области Жетісу»

Директор Ахметов Акылбек Турысбекович

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 11 маусымында ШЖҚ«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК қызметкерлерінің  қатысуымен жиын өткізілді. Жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның түрлері түсіндіріп, бұл әрекетке қарапайым қызметкерден бастап, қоғамның барлық мүшелері жауапты екендігі тілге тиек етілді. Кездесу соңында жиынға қатысушылар жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын

2025 жылдың 15 мамырында ШЖҚ«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК ұжымының  қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өткізілді.
Жиында қатысушылардың назарына «Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті» ММ-нің Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханаларының қаржылық қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мән-жайлар ұсынылды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында 2025 жылғы 4 сәуір күні ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке кәсіпорын ұжымы бір кісідей атсалысты. Күннің өте ашық, шуақты болуы керемет көңіл-күйге ықпал етті. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған қызметкерлер аурухана аймағын тазалап, ретке келтірді. Сенбілік өте қызу және белсенді өтті. Әркімге еңбегінің нәтижесін көру жағымды өте болды.

«Медициналық сыбайлас жемқорлық – денсаулыққа қауіп»

2025 жылдың 28 қаңтарында ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК ұжымына «Медициналық сыбайлас жемқорлық – денсаулыққа қауіп» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шара өтті.
Шараның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Шара барысында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық – медициналық қызметкерлердің материалдық және материалдық емес игіліктерді заңсыз алу мақсатында өз лауазымдық жағдайын пайдакүнемдікпен пайдалануынан көрінетін жағымсыз әлеуметтік-құқықтық құбылыс екендігі жайлы айтылды. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын

2024 жылдың 14 қазанында «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын өтті. Жиынға  дәрігерлер, медбикелер және азаматтық қызметшілер қатысты. Жиын барысында мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптары айтылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында баяндама оқылды.

Беттер

Ахметов Акылбек Турысбекович

Рад приветствовать вас в моем личном блоге!

Герб РК

был оффициально принят в 1992 году

Флаг РК

наследственный отличительный знак

Гимн РК

национальная «торжественная песня»