Билікті және қызметтік өкілеттілікті асыра және теріс пайдалану

08.06.2026 ж ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК-нің комплаенс-офицері. Комплаенс-офицер өз баяндамасында медициналық ұйым қызметінде алаяқтықтың, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланудың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Баяндама барысында қызметкерлерге ұйым мүлкін, қаржылық және материалдық ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланудың салдары, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу шаралары түсіндірілді.Сонымен қатар, жеткізушілермен және мердігер ұйымдармен жұмыс барысында ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау қажеттілігі атап өтілді. Комплаенс-офицер мемлекеттік сатып алу және келісімшарттық міндеттемелерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, мүдделер қақтығысын болдырмау және заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.Қызметкерлерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұйымның ішкі нормативтік құжаттарын орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жауапкершілік туралы ақпарат берілді.















