ГКП НА ПХВ
«ТАЛДЫКОРГАНСКИЙ
КОЖНО-ВЕНЕРОЛОГИЧЕСКИЙ
ДИСПАНСЕР»

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

2025 жылғы 2 қыркүйекте ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты жиын өтті.
Жиында комплаенс-офицер С.Т.Тулегенова сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, оны болдырмау жолдары және заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жасады.
Адалдық пен әділдік – жарқын болашақтың кепілі!

«Медициналық сыбайлас жемқорлық – денсаулыққа қауіп»

2025 жылғы 12 қыркүйекте ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК-да медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Медициналық сыбайлас жемқорлық – денсаулыққа қауіп» тақырыбында жиын өтті. Жиында комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оны алдын алу жолдары туралы түсіндірді.

«Медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасы мен деонтологиясы»

2025 жылғы 15 тамыз күні ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК ұжымында «Медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыста медицина қызметкерлерінің абыройы мен қоғамдағы беделі, пациентпен қарым-қатынаста сыпайылық пен кішіпейілділіктің маңызы талқыланды. Әрбір қызметкер үшін басты қағида – науқасқа құрметпен қарау, мәдениеттілік пен кәсіби этиканы сақтау екені ерекше атап өтілді.

Қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу туралы ұсынымы негізінде жиын

2025 жылғы 1 тамыз күні «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Бас көлік прокуроры орынбасарының хаты және Жетісу облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Тұрсынбайдың барлық ведомствалық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу туралы ұсынымы негізінде жиын өтті.

Личный прием директора

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Талдыкорганский кожно-венерологический диспансер» государственного учреждения «Управление здравоохранения области Жетісу»

Директор Ахметов Акылбек Турысбекович

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 11 маусымында ШЖҚ«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК қызметкерлерінің  қатысуымен жиын өткізілді. Жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның түрлері түсіндіріп, бұл әрекетке қарапайым қызметкерден бастап, қоғамның барлық мүшелері жауапты екендігі тілге тиек етілді. Кездесу соңында жиынға қатысушылар жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын

2025 жылдың 15 мамырында ШЖҚ«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК ұжымының  қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өткізілді.
Жиында қатысушылардың назарына «Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті» ММ-нің Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханаларының қаржылық қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мән-жайлар ұсынылды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында 2025 жылғы 4 сәуір күні ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке кәсіпорын ұжымы бір кісідей атсалысты. Күннің өте ашық, шуақты болуы керемет көңіл-күйге ықпал етті. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған қызметкерлер аурухана аймағын тазалап, ретке келтірді. Сенбілік өте қызу және белсенді өтті. Әркімге еңбегінің нәтижесін көру жағымды өте болды.

Страницы

Ахметов Акылбек Турысбекович

Рад приветствовать вас в моем личном блоге!

Контакты

Адрес: Алматинская область
г.Талдыкорган ул.Акын Сара 187

8(72-82) 24-15-33

Герб РК

был оффициально принят в 1992 году

Флаг РК

наследственный отличительный знак

Гимн РК

национальная «торжественная песня»