«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында 2025 жылғы 4 сәуір күні ШЖҚ «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» МКК аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке кәсіпорын ұжымы бір кісідей атсалысты. Күннің өте ашық, шуақты болуы керемет көңіл-күйге ықпал етті. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған қызметкерлер аурухана аймағын тазалап, ретке келтірді. Сенбілік өте қызу және белсенді өтті. Әркімге еңбегінің нәтижесін көру жағымды өте болды.